"Ордабасы" командасының қақпашысы Владимир Плотников карьерасын "Атырау" сапында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
35 жастағы қақпашыны өз қатарына "мұнайшылардың" жаңа басшылары көргісі келеді. Қазіргі уақытта Плотников ойланып жатыр екен
Айта кетейік, соңғы екі маусымды қақпашы "Ордабасы" сапында өткізді. Бірақ қазіргі уақытта шымкенттік команда қаржылық қиындыққа тап болды. Сол үшін де команда өзінің мықты ойыншыларының барлығын сатуда.
Бұған дейін Плотников бірнеше жыл бойы "Қайраттың" намысын қорғаған. Сонымен қатар, ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі ойын өткізген.