Қостанай мен Петропавлда Қазақстанның футболдан премьер лигасының 21-тур матчтері аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Тобыл" өз алаңында "Шахтермен" ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 17-минутта Серікжан Мужиков есеп ашты. Алайда алаң қонақтарынан Стефан Букорац үзіліске дейін есепті теңестірді. 54-минутта Айдос Таттыбаев алаңнан қуылып, қарағандылықтар азшылықта қалды. Қостанайлықтар көптігін ұтымды пайдалана алды. 74-минутта Душан Йованчич 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Ал 82-минутта Серж Дебле есеп нүктесін қойды.
"Қызыл-Жар" мен "Қайрат" арасында қатар өткен матч 1:2 есебімен аяқталды. Жоао Пауло 19-минутта алматылықтарды алға шығарды. Алайда бірінші таймға қосылған уақытта Элгуджа Лобжанидзе есепті теңестірді. Есеп осыдан екінші тайм аяқталғанша өзгерген жоқ, ал қосымша уақыттың 4-минутында алаң қонақтары Вячеслав Швыревтің голы арқасында жеңісті жұлып алды.