"Қайрат" пен "Тобыл" арасындағы Қазақстан суперкубогы жартылай финалына тікелей трансляция

Сурет: ҚКФФ

Бүгін, 3 наурызда "Тобыл" мен "Қайрат" арасындағы футболдан Қазақстан суперкубогының жартылай финалдық матчі өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркістанда өтетін кездесу 15:00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Өткен маусымда "Қайрат" 16 жылдан кейін қайтадан ел чемпионы атанды, ал "Тобыл" екінші болды.

Еске салайық, бірінші жартылай финалда "Астана" командасы "Шахтерді" 2:0 есебімен ұтты.

Үшінші орын үшін кездесу 5 наурыз, ал финал келесі күні болады.