"Қайрат" пен ташкенттік "Пахтакор" Алматыда жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын 19 шілде Орталық стадионда өтеді.
"33 жылдан кейін Орта Азия дербиі қайта оралды", - делінген алматылық клубтың Instagram желісіндегі жариялымында.
Айта кетейік, биыл ақпанда командалар бір кездесу өткізіп, ташкенттіктер 4:3 есебімен ұтқан еді.