"Қайрат" пен "Шахтердің" Конференция лигасы топтық кезеңіне жолдама үшін матчтеріне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 26 тамызда алматылық "Қайрат" пен қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасы топтық кезеңіне жолдама үшін қарымта матчтерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Құрбан Бердыев жаттықтыратын команда Алматыдағы Орталық стадионда люксембургтік "Фоланы" қабылдайды. Ойынның басталуы 20:00-де. Тікелей трансляцияны "Қайраттың" ресми YouTube арнасынан тамашалай аласыз. 

Ал қарағандылық команда Тель-Авивте жергілікті "Маккабимен" ойнайды. Басталуы 23:30. Ойынды Qazsport арансы көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Еске салайық, "Қайрат"  бірінші ойында "Фоланы" 4:1 есебімен ұтты, ал "Шахтер" Қазақстан астанасында "Маккабиден" ұтыды - 1:2.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар