Футбол
2 тамыз 2019 13:11
 
"Қайрат" пен "Ордабасы" Еурокубоктан қағылды, жарысты "Астана" ғана жалғастырады

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" пен "Ордабасы" Еурокубоктан қағылды, жарысты "Астана" ғана жалғастырады © Тұрар Қазанғапов

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінен соң бір ғана қазақстандық клуб жарыс жолын жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Томасов "Астананы" үшінші іріктеу кезеңіне сүйреп шығарды

"Астана" өз алаңында андорралық "Санта-Коломаны" қабылдады. Бір апта бұрын Андоррада өткен алғашқы матчта командалар 0:0 есебімен тең түскен еді.

Ал "Астана-Аренадағы" кездесуде қонақтар есеп ашты. Жартылай қорғаушы Энрик Пи "Санта-Коломаны" алға шығарды. "Астана" 24-минутта есеп айырмасын теңстірді. Алғашқы голды соққан Пи өз айып алаңында ереже бұзып, Исландия құрамасының ойыншысы Рунар Мар Сигурьонссон пенальтиді дәл орындады.

© Тұрар Қазанғапов

Андорралық клуб ұзақ уақыт бойы қорғаныста сәтті ойнап, тең есепті ұстап қалуға тырысқан. Бірақ ойынға тыңнан қосылған Марин Томасов 73-минутта "Астананы" алға шығарды. Хорватиялық хавбек араға алты минут салып дубль жасаса, матч соңына қарай хет-трик авторы атанды. Қорытынды есеп - 4:1.

Енді "Астана" үшінші іріктеу кезеңінде мальталық "Валлеттамен" кездеседі. Матчтар 8 және 15 тамызда өтеді. Алғашқы ойын "Астана Аренада" болады.

"Қайрат" камбэк жасай алмады

Ал "Қайрат" Алматыда израильдік Беэр-Шева қаласының "Хапоэль" командасын ұта алмады.

Израильде өткен алғашқы матчта "Хапоэль" 2:0 есебімен жеңген, сондықтан "Қайратқа" қарымта матчта кем дегенде үш гол айырмашылығымен ұту керек болатын. Алайда бұл алматылық команданың қолынан келмеді.

© "Қайрат" ФК

Матчтың 41-минутында сербиялық Раде Дугалич алаң иелерін алға шығарған. Бірақ үзілістен кейін "Қайрат" басымдығын ұлғайта алмай, керісінше, гол жіберіп алды. 55-минутта Елдос Ахметов алаңнан қуылса, 63-минутта Дугалич допты өз қақпасына соғып алды. Кейін қосалқы құрамда отырған қақпашы Владимир Плотников пен алаңдағы Ғафуржан Сүйімбаев қызыл қағаз алды.

Осылайша, "Қайрат" бар күшімен алға ұмтылғанымен Еуропа лигасында тағы бір камбэк жасай алмады. Қорытынды есеп - 1:1. Алматылық клуб екі матчтың қорытындысы бойынша 1:3 есебімен жеңіліп, турнирдегі сапарын тоқтатты.

"Ордабасы" жанкүйерлері алдында жеңілді

Чехияда жергілікті "Млада-Болеслав" командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, қарымта матч алдында жағдайын жақсартып алған шымкенттік "Ордабасы" өз алаңында сүрінді.

Матчтың алғашқы жарты сағаты ішінде "Млада-Болеслав" ойыншылары екі гол соғып тастады. 8-минутта Марек Матейовски есеп ашса, 32-минутта Николай Комличенко пенальтиден гол салды. Бірінші таймның соңына қарай "Ордабасы" есеп айырмасын қысқарта алды - 45-минутта Алексей Щеткин қанжығасын майлады.

© "Ордабасы" ФК

Алайда үзілістен кейін чехиялық клуб бірден гол соқты - бұл жолы босниялық форвард Мурис Мешанович көзге түскен. 55-минутта "Ордабасы" Абдуллаи Диакате дәл орындаған пенальтиден соң есеп айырмасын қысқартты. Бірақ шымкенттіктер жеңісті жұлып әкете алмады.

Осылайша, "Ордабасы" екі матч қорытындысы бойынша 3:4 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасымен қоштасты.

Жарнама

Живи спортом!