"Қайрат" пен Киев "Динамосының" жолдастық кездесуіне тікелей трансляция

© "Қайрат" ФК
Бүгін, 28 қаңтарда алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы үшінші бақылау матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алексей Шпилевский жаттықтыратын киевтік "Динамоға" қарсы ойнайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 15:00.



"Динамо" 18 ойын қорытындысы бойынша 14 ұпай жинаған донецктік "Шахтерден" кейін екінші келеді. Ал кеше Алексей Михайличенко жаттықтыратын команда Беларусь чемпионы - бресттік "Динамоны" 3:0 есебімен ұтқан.

Мұның алдындағы екі ойынды да "Қайрат" польшалық "Легиямен" бір күнде өткізді. Бірінші ойынды алматылық клуб ұтты - 1:0, екіншісінде ұтылды - 0:2.
Жаңалықтар