Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ресейлік "Ростов" командасымен келіссөз жүргізуде.
Дереккөздің ақпараты бойынша, қақпашыны команданың бас бапкері Виталий Кафановтың өзі шақырып жатыр. Еске салайық, Кафанов бұған дейін "Ростов" сапында Покатиловты жаттықтырған болатын.
Биыл Гафуржан Сүйімбаев жарақат алып қалғаннан соң Покатилов "Қайрат" командасының капитаны қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық команданың Ресей чемпионатында өнер көрсететін қақпашымен келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болған еді.
Негізі Стас Покатилов 2016 жылғы маусымда "Ростов" намысын қорғап, кейін Қазақстанға қайта оралып "Қайратпен" келісімшарт жасаған болатын.