Футбол
31 шілде 2020 11:41

"Қайрат" пен "Астананың" еуропалық клубтар арасында рейтингі анықталды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Gracenote статистикалық компаниясы 2019/20 маусымдағы Euro Club Index деп аталатын еуропалық клубтардың рейтингін жариялады. 

Бұл тізімде қазақстандық клубтар арасында ең жоғары сатыға "Астана" жайғасқан. Елордалық клуб 175-орында тұр. "Қайрат" болса 239-сатыда. Ал "Ордабасы" (330-орында), "Тобол" (367), "Жетісу" (401), "Қайсар" (436), "Шахтер" (453), "Тараз" (500), "Окжетпес" (505), "Қызыл-Жар" (516) және "Каспий" (545) орындарға орналасыпты. 

Жалпы рейтингте УЕФА-ға кіретін барлық елдердің 725 командасы енген. Көшбасында "Бавария" келеді. 

Gracenote компаниясы статистиканы жасаған кезде клубтардың соңғы төрт жылдағы көрсеткіштерін назарға алған. Айта кетерлігі, рейтинг ұжымдардың тек еурокубоктердегі нәтижесін ғана алып қоймай, ішкі біріншілік пен кубоктағы нәтижелерін де есептеген. Дегенмен де, рейтингтегі ұпайдың басым бөлігін соңғы маусымдағы көрсеткіштер берген. 

Euro Club Index рейтингтіндегі үздік он команда:
1. "Бавария" (Германия)
2. "Ливерпуль" (Англия)
3. "Барселона" (Испания)
4. "Манчестер Сити" (Англия)
5. "Реал" (Испания)
6. ПСЖ (Франция)
7. "Атлетико" (Испания)
8. "Ювентус" (Италия)
9. "Челси" (Англия)
10. "Манчестер Юнайтед" (Англия)

Айта кетейік, УЕФА-ның клубтар арасындағы рейтингте Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы соңғы бес маусымының нәтижесі алынады. Бұл рейтинг бойынша "Астана" 56-орында, "Қайрат" 180-орында тұр. Бірінші орын "Реалға" тиесілі.