"Қайрат" пен "Астананың" бұрынғы футболшысы "Арсенал" сапына қосылды

©Чемпионат"

Алматылық "Қайрат" пен елордалық "Астана" командасының бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович Олег Кононов жаттықтыратын тулалық "Арсенал" командасына ауысты. Бұл туралы "ФНЛ с Ильевым" телеграм арнасы хабарлады. 

Сербиялық шабуылшының "Арсенал" командасымен келісімшарты бар. Бірақ осыған дейін ол "Рубин" командасы сапында жалда ойнап, жанжалға қалған еді. Енді Деспотович карьерасын қай командада жалғастыратыны белгісіз болып тұр. 

Еске салайық, Деспотович Қазақстанда "Қайрат", "Астана", "Жетісу" және "Тобыл" командаларының намысын қорғады. Ресейде жоғарыда айтылған екі командадан бөлек, "Оренбургта" өнер көрсетті. 

Ал "Арсенал" өткен маусымның қорытындысы бойынша 16-орын алып, РФЛ-ге түсіп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар