"Қайрат" пен "Астана" арасындағы ойынды бірінші рет "Матч ТВ" арнасы көрсететін болды

©"Қайрат" ФК

Қазақстан футбол федерациясы, "Қайрат" футбол клубы және ҚКФЛ арасындағы бірлескен келіссөздер нәтижесінде футболдан Қазақстан Чемпионатының 25-турындағы "Қайрат" - "Астана" кездесуі ресейлік "Матч!" телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

"Матч!" телеарнасының эфирлік кестесінің жоспарлауының аяқталуына байланысты, Чемпионаттың ресми хабар таратушысы Qazsport телеарнасының келісімімен ойынды елорда уақытымен 15:00-де өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан футболының тарихында ішкі біріншілік ойынын ресейлік телеарна тікелей эфирінде бірінші рет көрсетпек.

Еске салайық, ел чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда "Астана" командасы 56 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді. Ал екінші сатыға жайғасқан "Тобыл" елордалық ұжымннан екі ұпай артта. 

"Қайрат" болса Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері атанып, чемпиондық атағынан айырылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: