Футбол
20 қазан 14:25
 

"Қайрат" – "Пафос" ойынына билет неге қымбат? Бас бапкер жауап берді

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" – "Пафос" ойынына билет неге қымбат? Бас бапкер жауап берді ©"Қайрат" ФК

Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен қорғаушы Еркін Тапалов Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Пафоспен» болатын матч алдындағы билет бағасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен қорғаушы Еркін Тапалов Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Пафоспен» болатын матч алдындағы билет бағасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бас бапкер бұл мәселеге өзі жауапты емес екенін айтты.

«Билеттердің бағасы туралы сұрақ маған емес. Бұл жөнінде нақты ақпаратым жоқ. Бұл мәселені клуб басшылығына қойған дұрыс», – деді Уразбахтин.

Өз кезегінде Еркін Тапалов жанкүйерлердің саны командаға әсер етпейтінін және ойыншылардың басты мақсаты – нәтижеге жету екенін атап өтті.

«Аз жанкүйер келсе де, ол біздің мотивацияға әсер етпейді. Біз тарих жазғымыз келеді. Бізді қолдайтын нағыз жанкүйерлерді күтеміз», – деді қорғаушы.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» ойынына ең арзан билет 30 мың теңге, ал ең қымбаты 250 мың теңге тұрады.

Кездесу 21 қазанда Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.
Қазір «Қайраттың» қоржынында екі турдан кейін ұпай жоқ, ал «Пафос» «Олимпиакоспен» тең ойында бір ұпай еншілеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!