Алматылық "Қайрат" Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда грекиялық "Панатинаикосқа" ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен кездесу қонақтардың пайдасына 5:1 есебімен аяқталды.
Жеңімпаздар сапынан Висенте Таборда (6-минут), Сириль Дессерс (24-минутта пенальтиден және 47-минутта), Кингс Кангва (57-минут) мен Эльмин Растодер (75-минут) гол соқты. Ал "Қайрат" сапындағы жалғыз голдың авторы - Исмаил Бекболат (79-минут).
Еске салайық, Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде "Қайрат" Италияның "Аталантасымен" (сырт алаңда), Швецияның "Мьельбюімен" (өз алаңында), Румынияның "Университатя Крайовасымен" (өз алаңында) және Нидерландтың "Твентесімен" (сырт алаңда) де кездеседі.
Конференциялар лигасының бірінші турында "Панатинаикос" өз алаңында Боснияның "Борацын" 2:1 есебімен ұтты, ал "Қайрат" сырт алаңда Латвияның "Ригасымен" тең түскен еді - 1:1.
Жарнама