"Қайрат" өз алаңында "Кишвардадан" ұтылды

©Әлихан Сариев, Vesti.kz

"Қайрат" Конференция лигасының екінші іріктеу айналымында Венгрияның "Кишвардасынан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Орталық" стадиондағы матч 0:1 есебімен аяқталды. 81-минутта қонақтар сапынан Ясир Асани жеңіс голының авторы атанды.

Соққылар бойынша "Кишварда" алда (2:5) болса, допқа иелік ету жағынан ойын тең дәрежеде өтті.

Енді қарымта матч 28 шілде күні Венгрияда өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport