"Қайрат" ойыншысының Ресей клубына ауысуы туралы деректер пайда болды
"Қайрат" командасының ресейлік ойыншысы Кирилл Колесниченконың Ресей біріншілігінде өнер көрсететін "Урал" клубына ауысуы туралы деректер пайда болды. Екатеринбургтық клуб өткен маусымды 16 команданың ішінде 12 болып аяқтаған еді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Transfermarkt дерегі бойынша, Колесниченконың трансфері үшін алматылық клуб 140 мың еуро алған. Алайда өткен жылдың наурызында ойыншыны "Чертановодан" 250 мың еуроға сатып алған еді.
21 жастағы ойыншы алматылық клуб сапында ойнамастан, 2020 жылдың қыркүйегінде волгоградтық "Ротор" құрамына жалға өтіп, 2021 жылдың қаңтарында суб-аренда негізінде "СКА-Хабаровскке" ауысқан болатын.
Өз мансабында жартылай қорғаушы жалпы есепте 65 ойын өткізіп, алты гол авторы атанған.
Жарнама