"Қайрат" ойыншысының голы Өзбекстан құрамасына Азия кубогі жартылай финалына шығуға көмектесті

©instagram.com/jaloliddinov_10

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Жасур Жалолиддинов Өзбекстан жастар құрамасына Азия кубогінің жартылай финалына шығуға көмектесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің ширек финалында Өзбекстан жастар құрамасы Иракқа қарсы кездесу өткізді. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Жалолиддинов бірінші таймның соңында бір гол соқты. Ол уақытқа дейін Өзбекстан 0:1 есебімен жеңіліп жатқан. 

Жеңімпаз ойын соңында пенальтиде анықталып, Өзбекстан құрамасы жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл ойында Өбекстан 13-минуттан бастап он ойыншымен өнер көрсетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport