"Қайрат" ойыншысы Вагнер Лав командаға қаншалықты пайдалы екенін айтты

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Небойша Косович Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында бразилиялық Вагнер Лавтың ұжымға қандай пайда тигізетінін және онымен келісімшартты созу қаншалықты маңызды екенін айтып берді. 

"Әрине, мен Вагнердің командада қалғанын қалаймын. Мұндай деңгейдегі ойыншы бізге сенімділік береді. Онымен ойнау да жеңіл. Лавтың "Қайратта" болғанына қуаныштымын. Мүмкін ол келесі маусымда да командада қалатын шығар. Вагнермен өткізген әрбір жаттығудан біз үлкен тәжірибе аламыз", - деді Косович. 

Айта кетейік, бұған дейін шабуылшының өзі Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында келісімшартты созу туралы сауал әлі көтерілмегенін атап өтті. Дегенмен Лавтың өзі "Қайратта" қалғысы келетінін ашық айтты. 

Еске салайық, Қазақстан чемпионатының өткен турында "Қайрат" өз алаңында "Астана" командасын қабылдап, Косович соққан жалғыз голдың арқасында жеңіске жетті. Ал Вагнер Лав болса бұл ойында 86 минут өнер көрсетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: