"Қайраттың" қорғаушысы Александр Мрынский Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында "Реалға" қарсы өткен матч туралы пікір білдірді.
Мадрид клубының сапында гол авторлары франциялық Килиан Мбаппе (хет-трик) пен Эдуардо Камавинга, сондай-ақ, мароккалық жартылай қорғаушы Браим Диас болды. Кездесу 5:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
- Әрине, ойын деңгейі біздің чемпионатпен салыстырғанда өте жоғары. Біз ойынды жақсы бастадық. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе болды. Ең қиын сәт - екінші таймның басы. Олар допты иемденіп, жылдам гол соқты", - деді Мрынский.
- Родриго (Гоэс).
- Стадиондағы атмосфера қандай болды?- Өкінішке қарай, біздің стадион кішкентай, небәрі 20 мың орын. Егер үлкенірек болса, атмосфера да күштірек болар еді.
Алдағы Чемпиондар лигасы ойындарында өз алаңымызда міндетті түрде ұпай жинауға тырысамыз", - деп қорытындылады қорғаушы.
Еске салайық, "Қайрат" екі турдан кейін бірде-бір ұпай жинаған жоқ. Ал "Реал" екі ойында да жеңіске жетіп, 6 ұпаймен көш бастап тұр. Алматылық клуб келесі матчін 21 қазан күні Кипрдің "Пафосына" қарсы өткізеді.