"Қайрат" ойыншысы Еуропаның үздік лигаларының біріне өтуі ықтимал

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" ойыншысы Камо Оганесян еуропалық чемпионаттардың біріне ауыспақ. Бұл туралы армениялық белгілі фотограф Грач Хачатрян мәлімдеді. 

"Осы жазда Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесян Еуропаның топ лигасына ауысуы ықтимал. Оның "Қайратпен" 2021 жылдың 31-желтоқсанына дейінгі келісімшарты бар", - деп жазыпты ол Twitter желісінде. 

Мұның алдында атақты агенттердің бірінің көзі Оганесянға түсіп, ол Хорватия мен Армения матчін (1:1) тамашалаған көрінеді. 

28 жастағы Оганесян алматылық командада былтырдан бері ойнайды. Одан бөлек ҚПЛ-де "Жетісу" сапында өнер көрсеткен. Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында футболшы 13 матчке қатысып, екі гол салды және бір нәтижелі пас берді.