"Қайрат" ойыншысы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту мүмкіндігі туралы ойын айтты

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Небойша Косович Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі израильдік "Маккабимен" матчке қатысты ойын айтты. 

"Ойын оңай болмады, мықты қарсылас әрі күн де ыстық. Бірақ біз қалай ойнайтынымызды көрсетіп, келесі раундқа өтеміз деп ойлаймын. Мүмкіндіктер болды, соларды пайдалануымыз керек еді. 

Енді өз алаңымызда ойнаймыз. Ойша жинақталып, физикалық түрде дайын болу қажет. 

Командалық ойын көрсету керек. Жанкүйерлеріміздің қолдауымен, ауызбіршілікте ойнасақ, міндетті түрде ұтамыз", - деп береді Косовичтің сөзін алматылық клубтың баспасөз қызметі.