"Қайрат" ойыншысы ауыр жағдайда ауруханаға түсті

©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Әрсен Буранчиев "Ақтөбемен" матчте ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz

Футболшының жағдайы туралы бас бапкер Кирилл Кекер айтып берді. 

"Команда атынан жеңісті Әрсен Буранчиевке арнаймыз. Ол қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Денсаулық тілейміз. Біз үшін өте қиын сәт. Шешінетін орында біраз адам көз жасына ерік берді. Қазір біз үшін Әрсеннің денсаулығы басты орында", - дейді маман. 

Еске салайық, ойын кезінде Әрсен ақтөбеліктердің шабуылшысы Элдер Сантанамен соқтығысып, есінен танып қалған еді. Матчтің өзі 2:1 есебімен аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport