"Қайрат" өткен маусымдағы үздік сұрмергенімен келісімшартты ұзартты

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" шабуылшы Артур Шушеначевпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Шабуылшы мен клуб келісімшартты 2023 жылға дейін созды. 

Айта кетейік, Шушеначев "Қайрат" командасына 2017 жылы ауысып, алғашқы кездесуін "Қайрат А" командасы сапында өткізді. 

Ал 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша ол 12 гол соқты. Сөйтіп, ол маусым қорытындысы бойынша С.П Квочкин атындағы үздік шабуылшы атағын иеленді. Биыл ол "Қайрат" сапында 12 кездесуге қатысып, бір гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport