"Қайрат" - "Ордабасы" және "Жетісу" - "Шахтер" арасындағы ойынға тікелей трансляция

Сурет: Қайрат" ФК

Бүгін, 29 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионатының сегізінші турындағы екінші күн ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

16:00-де талдықорғандық "Жетісу" мен қарағандылық "Шахтер" арасындағы матч басталады.

Ал 19:00-ге "Қайрат" пен шымкенттік "Ордабасы" командаларының Алматыдағы ойыны өтеді.

Екі ойынды да Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Жаңалықтар