Қайрат Нұрдәулетов Шотландияға қарсы құрамды жариялады

©ҚФФ

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Шотландияға қарсы құрамды жариялады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Шотландиямен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін атады.

Қақпашылар:

Темірлан Анарбеков ("Қайрат")

Вадим Петров ("Қызыл-Жар")

Қажымұқан Төлепберген ("Ордабасы")

Қорғаушылар:

Арсен Бораншиев ("Қайрат")

Дамир Қасаболат ("Қайрат")

Егор Ткаченко ("Қайрат")

Сағи Совет ("Астана")

Лев Скворцов ("Тұран")

Жалғас Жақсылықов ("Тараз")

Дінмұхаммед Қашкен ("Жальгирис")

Александр Широбоков ("Қайрат-Мәскеу")

Жартылай қорғаушылар:

Сұлтан Сағнаев ("Астана")

Станислав Басманов ("Астана")

Еркебулан Сейдахмет ("Қайрат")

Данияр Үсенов ("Қайрат")

Эльхан Астанов ("Ордабасы")

Дінмұхаммед Қараман ("Тараз")

Ерсұлтан Қалдыбеков ("Тараз")

Дамир Марат ("Ақсу")

Жасұлан Қайыркенов ("Ақсу")

Жасұлан Жұмашев ("Тобыл")

Шабуылшылар:

Абылайхан Жұмабек ("Тараз")

Вячеслав Швырев ("Қайрат")

Мирас Тұрлыбек ("Ақсу")

Ескертулер санының шамадан тыс болуына байланысты қақпашы Данил Устименко мен қорғаушы Әділбек Жұмаханов кездесуге қатыспайды. "Ақтөбеде" ойнайтын Максим Самородов жарақатынан толық айыққан жоқ. Жартылай қорғаушылар Арман Кеңесов пен Абылайхан Назымханов ұлттық құраманың қатарына шақырту алды.

Қазақстан мен Шотландия құрамалары 29 наурызда Алматыдағы "Орталық" стадионда кезедседі. Оған дейін Нұрдәулетов ойыншылары 24 наурыз күні Талғар маңындағы ҚФФ-ның базасында жолдастық ойын өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар