Алматылық "Қайраттың" бас директоры Асқар Есімов "Зенит" сапында жүрген қорғаушы Нұралы Әліптің болашағына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Sport24.ru поталы.
"Әліпті "Зенит" бапкерлері жақсы бағалайды. Ал ресейлік команданың оны сатып алуына байланысты ешқандай жаңалық жоқ. "Зенит" шешімді жалға беру мерзімі аяқталар тұста қабылдайды", - деді Есімов.
Айта кетейік, "Зенит" Әліпті 2022 жылдың соңына дейін жалға алды. Ол биыл командамен бірге Ресейдің чемпионы атанды.