"Қайрат" мықты ойыншылардың бірі сапқа оралғанын хабарлады

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" көшбасшы ойыншысының қайтып келгенін құлақтандырды - польшалық жартылай қорғаушы Яцек Гуральски командамен жаттығуға кірісті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

"Сені қайта көруге қуаныштымыз, Яцек", - делінген команда хабарламасында.

ҚПЛ-дің биылғы маусымында жартылай қорғаушы жарақат салдарынан бірде-бір матчке қатыспады. Ал бүгін футболшы "Ақтөбемен" сырт алаңда өтетін ойынға қатысуы мүмкін.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport