Алматылық "Қайрат" 2022 жылы сапында қалдырғысы келетін футболшылар бойынша шешімге келді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Клуб шабуылшы Хосе Канте, жартылай қорғаушылар Яцек Гуральски мен Маки Баньякты алып қалмақ.
Сонымен қоса, Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гулжигит Алыкуловтың мәселесі де қарастырылып жатыр.
Мұның алдында командадан бірқатар ойыншы кеткені белгілі болды, олар Ғафуржан Сүйімбаев, Дино Миканович, Раде Дугалич, жартылай қорғаушылар Камо Оганесян, Небойша Косович және тағы басқалар.