"Қайрат-Мәскеудің" үздік ойыншылары Бердыевтің негізгі командасына шақыртылады

11 қыркүйек 2021 11:09
©"Қайрат-Мәскеу" ФК

"Қайрат-Мәскеу" клубының ең мықты ойыншылары алматылық команданың негізгі құрамына шақыртылады, деп хабарлайды KazFootball.kz

"Қайрат" бапкері Курбан Бердыев Ресейдің үшінші дивизионында өнер көрсетіп жүрген фарм-клубтың ойынын жіті бақылап жүр екен. 

Мәскеудегі командада 14 қазақстандық (бәрі 21 жастан кіші), сегіз ресейлік және бір армениялық ойыншы өнер көрсетеді. 

Клубқа кеше "Фенербахчеде" ойнаған Микаэль Асқаров қосылды.

Айта кетейік, Ресейдің ҰНЛ-2 чемпионатында ойнайтын "Қайрат-Мәскеу" ресейлік "Красаваны" ұтып,  турнирлік кестеде екінші орынға шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар