Футбол
11 маусым 2022 00:47

"Қайрат-Мәскеу" Ресейдегі соңғы ойынын өткізді

©instagram.com/fckairatmoscow

"Қайрат-Мәскеу" клубы Ресейдегі ФНЛ-2 чемпионатындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сырт алаңда "Динамоның" дубліне қарсы өткен екінші топтағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Қайрат сапында алаңда 70 минут ойнаған Сергей Кирьяков гол салды.

Маусым қорытындысы бойынша қазақстандық команда өз тобында 12-орын алды. Жалпы алғанда "Қайрат-Мәскеу" 22 ресми ойында 30 ұпай еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport