"Қайрат Мәскеу" клубы жолдастық ойын аясында "Пересвет" командасын ірі есеппен ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Одинцово қаласындағы "Орталық" стадионда қазақстандық ұжым 5:1 есебін тіркеді. "Қайрат" сапында Андрей Савинов (19-минут), Сағи Әнет (27-минут), Рустам Эмиров (34-минут), Байжан Мәделхан (71-минут) және Денис Митрофанов (86-минут).
Еске салайық, "Қайрат-Мәскеу" клубы Ресейдің екінші дивизионында (ФНЛ) өнер көрсетеді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша отандық команда он клуб арасында алтыншы орында келеді.