"Қайрат Мәскеу" командасы тағы ұтылды

©"Қайрат" ФК

Футболдан Ресейдің үшінші дәрежелі чемпионаты саналатын ФНЛ-2 лигасының 16-турында санкт-петербургтік "Звезда" мен мәскеулік "Қайрат" кездесіп, алаң иелері басым түсті.

Санкт-Петербургте өткен ойында "Звезда" "Қайрат" қақпасына жауапсыз екі гол соғып, сенімді жеңіске жетті. 

ФНЛ-2. 16-тур 

"Звезда" (Санкт-Петербург) — "Қайрат" (Мәскеу) 2:0 (1:0)

Голдар: Андреев (45 – пенальтиден), Гелеев (74)

Естеріңізге сала кетсек, қос тараптың маусымдағы 6-турда өткен алғашқы кездесуінде мәскеуліктер 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы петербургтіктердің асығы алшысынан түсіп, есе қайтарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар