"Қайрат-Мәскеу" қарсыласымен тең ойнап Ресей біріншілігінде екінші орында қалды
"Қайрат-Мәскеу" командасы Ресей ұлтық футбол лигасы-2 турнирінің оныншы турында "Чита" командасымен тең ойнады, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.
"Қайрат-Мәскеу" командасы Ресей ұлтық футбол лигасы-2 турнирінің оныншы турында "Чита" командасымен тең ойнады, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.
"Қайрат-Мәскеу" командасы бұл ойынды сырт алаңда өткізіп, 1:1 есебімен тең ойнады.
Ойынның 18-минутында Максим Галиев алаң қожайындарын алға шығарған. Ал 43-минутта Никита Мацхарашвили таразы басын теңестірді. Кездесудің 80-минутынан бастап "Қайрат-Мәскеу" он ойыншымен ойнады. Екі сары қағаздан кейін Антон Крачковский алаңнан қуылды.
Бұл кездесуде тең ойнап, "Қайрат-Мәскеу" командасы 14 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды. Үшінші орында 13 ұпай жинаған "Красава" командасы. Көш басында 17 ұпайы бар "Тверь" тұр.
Жарнама