1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
29 қаңтар 09:28
 

"Қайрат" Лондондағы ойында "Асреналға" екі гол соқты

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" Лондондағы ойында "Асреналға" екі гол соқты ©uefa.com

Лондондық "Арсенал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы матчта алматылық "Қайратты" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондондық "Арсенал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы матчта алматылық "Қайратты" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың сегізінші турындағы кездесу Лондон қаласындағы "Эмирейтс" стадионында өтті.

Ойынның екінші минутында-ақ Виктор Дьёкереш есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда алматылықтар бұған жетінші минутта-ақ жауап берді. Төреші айып алаңында Риккардо Калафьоридің Жоржиньоға қарсы жасаған фолынан кейін 11 метрлік айыпты белгіледі. VAR көмегімен эпизод қайта қаралып, ереже бұзылғаны расталды.

Пенальтиді португалиялық Жоржиньоның өзі сенімді орындап, испаниялық қақпашы Кепа Аррисабалагадан айласын асырды.

15-минутта Кай Хаверц "зеңбірекшілерді" қайтадан алға шығарды.

Алғашқы таймда-ақ алаң иелері басымдығын нығайтты. 36-минутта Габриэл Мартинелли есепті 3:1-ге жеткізіп, "Арсеналдың" артықшылығын бекітті.

Екінші таймда лондондық клуб әдеттегідей ойын тізгінін қолында ұстап, матч соңына қарай тағы бір гол соқты. Алайда Габриэл Жезустың добы офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Кездесудің соңғы сәттерінде "Қайрат" жанкүйерлерін қуантты. 90+3-минутта Рикардиньо мергендік танытып, есепті 3:2-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін "Арсенал" 24 ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін жеңімпаз ретінде аяқтады. Лондондықтар бұл сатыда барлық сегіз матчта жеңіске жеткен алғашқы клуб атанды.

Ал "Қайрат" небәрі бір ұпаймен жалпы кезең кестесін 36-орынмен түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!