"Қайрат" легионеріне қатысты нақты шешім қабылдады

©"Қайрат" ФК

Ресей құрамасының қорғаушысы Виктор Васин карьерасын "Қайратта" жалғастыра береді. Себебі ол алматылық команданың негізгі футболшысы, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осыған байланысты "Қайрат" қорғаушыны ешқайда жібермейтінін айтты. Клубта Васинді қатты бағалайды. 

Одан бөлек Виктор алматылық командамен келісі жылы келісімшартын ұзартуы мүмкін. Қорғаушы өзін Алматы қаласында жақсы сезінеді. 

Айта кетейік, жуырда Васиннің ЦСКА командасына қайта оралуы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Бүгін осы ақпарат жоққа шығарылды. 

Еске салайық, Васин биыл ҚПЛ-да 13 ойын өткізіп, бір гол соқты. Осыған дейін қорғаушы "Спартак-Нальчик", "Нижний Новогород", "Мордовия", "Уфа" және ЦСКА командаларында ойнаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар