"Қайрат" командасы Қазақстан чемпионатының үшінші турында өз алаңында "Таразбен" тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Алматыда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бұл кездесудегі екі гол да екінші таймда соғылды. Алдымен 59-минутта Хосе Канте гол соғып, алаң қожайындарын алған шығарған болатын. Бірақ 68 минутта Дінмұхамед Қараман есепті теңестірді.
Осылайша, "Қайрат" алғаш рет Қазақстан чемпионатында ұпай жоғалтты. Бұған дейін клуб екі ойында да жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, енді 4 сәуір күні "Қайрат" сырт алаңда "Ақжайықпен" ойнаса, "Тараз" өз алаңында "Астананы" қабылдайды.