"Қайрат" басшылары команданың қазіргі бас бапкері Құрбан Бердыевтің болашағына байланысты әлі нақты шешім шығармады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Маманның келісімшарты биыл жыл соңында аяқталады.
Қазақстан кубогінде топ жарғанына қарамастан алматылық команданың басшылары бапкермен келісімшартты ұзарту туралы әлі нақты шешімге келмеді. "Қайраттың" Конференция лигасындағы өнері басшылық көңілінен шықпаған. Одан бөлек, алматылық команда Бердыевтің ыңғайына қарай жаңа футболшыларды да алуға ниетті емес.
Келісімшарт туралы әлі нақты ешқандай ақпараттың жоғы туралы Құрбаев Бердыевтің өзі "Базельге" қарсы ойын алдында баспасөз жиынында да айтты. Ол желтоқсан айының ортасында Қайрат Боранбаевпен кездеседі. Мәселе сол кезде шешілуі керек.
Айта кетейік, Бердыевтің бастамасымен "Қайрат" Қазақстан чемпионатында жеті кездесуі (төрт жеңіс, екі тең, бір жеңіліс), Қазақстан кубогінде бес ойын (бес жеңіс) және Конференция лигасында бес ойын (төрт жеңіліс, бір тең) ойын өткізді.