Футбол
6 сәуір 2021 10:57

"Қайрат" ҚПЛ-ден шығамыз деп төндірді. Боранбаев төрешілерге ашулы

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионатына қатысуын тоқтатуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тень отца Гурмана" телеграм арнасының ақпаратынша, себеп - төрешілікте.

"Таразбен" матчтен кейін (2:2), бұл ойында Григорий Московченко бастаған төрешілер бригадасы дөрекі қателер жіберді, алматылық клубтың иесі Қайрат Боранбаев және ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековпен арасында әңгіме болды. ҚСБ маусым басталғалы төрешілікке өте наразы, әсіресе, "Қайраттың" қатысуымен өткен ойындарда. Осыған байланысты алматылықтар чемпионатты жалғастырмайды деп төндірді", - деп жазыпты мәлімет көзі. 

Мұның алдында "Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский де төрешілікке наразылығын білдірген. Оның сөзінше, "төрешілердің жүгенсіздігі" басқа матчтерде де бар.