"Қайрат" ҚПЛ-де қатарынан екінші матчте жеңіске жетті

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турында "Мақтаарал" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркістанда өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 26-минутта Хосе Канте (пенальти) салды. Ал 78-минутта Билял Себахи алаңнан қуылып, алаң иелері матчты азшылықта аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport