"Қайрат" көшбасшылары сатылымға қойылды

©sports.ru

Жазғы трансферлік маусымда "Қайрат" сапынан екі шетелдік ойыншы кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматылық клуб Яцек Гуральски мен Хосе Кантені сатып алатын командалармен байланысқа шығуға дайын. Қос футболшының "халықтың" командасымен келісімшарттары 2022 жылдың соңында аяқталатындықтан, жазғы трансферлік маусымда сатып жіберуге мүмкіндік бар.

Кейбір басылымдардың мәліметінше, Гуральски Алексей Шпилевский жаттықтыратын кипрлік "Ариске" ауысуы мүмкін.

Ал Кантеге Болгария, Польша және Венгрия чемпионаттарынан ұсыныстар түсуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар