"Қайрат" қорғаушысы ЦСКА сапына ауысуға жақын

©Қайрат ФК

"Қайрат" қорғаушысы Виктор Васин ЦСКА сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы ойыншының агенті Арсен Минасов мәлімдеді.

"Менің ойымша Васин "Қайратта" өзін жақсы жағынан көрсетті. Ол ойыншылар арасында ардагер, ең жасы үлкендерінің бірі. Васиннің Қазақстан чемпионатына бейімделуі оңай өтті. Ол алматылық клубта өзін жайлы сезінеді. Енді Виктор ЦСКА-ға ауысуды қарастырып жатыр", - дейді агент.

Еске салайық, Васин жыл басында Мәскеулік ЦСКА-дан "Қайратқа" ауысқан болатын. Қорғаушының трансферлік құны 100 мың еуроны құрады. Әзірге ішкі чемпионатта ресейлік футболшы 13 матча алаңға шығып, екі гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport