"Қайрат" командасы Конференция лигасы топтық кезеңінің бірінші ойынында кипрлік "Омония" клубын өз алаңында қабылдап, тең түтсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Алматының Орталық стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен ақяталды.
Құрбан Бердыевтің командасы бұл кездесуде қарсыластың қақпасына 14 соққы жасап, оның үшеуі дәл ұшқан еді. Бірақ Фабиано қорғаған қақпаның кілтін таба алмады.
Бірінші таймда "Омонияның" да гол соғатын жақсы мүмкіндігі болған еді. Ол кезде Раде Дугалич пен Стас Покатилов екеуі жабылып бұл қауіптің бетін қайтарды.
Енді "Қайрат" келесі кездесуін 1 қазан күні сырт алаңда өткізеді. Қарсылас - швейцариялық "Базель" командасы болады.