Футбол
1 қазан 2021 10:23

"Қайрат" Конференция лигасы топтық кезеңінде бірінші рет ұтылды

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы топтық кезеңінің екінші турында швейцариялық "Базельден" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Швейцарияда өткен кездесу 4:2 есебімен аяқталды. 

15-минутта алаң иелерінен Артур Кабрал есеп ашты, одан кейін Михаэль Ланг (21 және 39-минут) дубль жасады. Ал 49-минутта Дан Ндой төртінші голды салды.

65-минутта алматылықтар сапынан Хосе Канте бірінші голды салды, ал үш минуттан кейін Рикарду Алвеш пенальтиді сәтті орындады. Алайда ары қарайғыға алматылық командаға уақыт жетпеді.

"Қайрат" үшін бұл топтық кезеңдегі алғашқы ұтылыс, ал "Базель" брінші рет ұтып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport