"Қайрат" командасының басшылығында өзгерістер болады

30 желтоқсан 2021 17:16
©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" командасының басшылығында өгерістер болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, жуық арада команданың бас директоры Марат Баймұханов кетуі мүмкін. Ол "Қайрат" сапында ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеді. 

Сонымен қатар, алматылық команданың спорт директоры Константин Лежнев те кетуі ықтимал. 

Еске салайық, бұған дейін "Қайраттан" Вагнер Лав, Раде Дугалич, Дино Миканович, Денис Поляков, Небойша Косович, Камо Оганесян және Гафуржан Сүйімбаев кеткен еді. 

Енді клубтан қорғаушы Ян Вороговский кетеді деген ақпарат бар. Одан бөлек, команда бразилиялық шабуылшы Жоао Паулоны жіберуге дайын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: