Футбол
11 қаңтар 2022 19:14

"Қайрат" командасы "Зенитке" кеткен футболшысына байланысты мәлімдеме жасады

©ҚФФ

Алматылық "Қайрат" ресейлік "Зениттің" сапына оқу-жаттығу жиындарына кеткен қорғаушы Нұралы Әліпке байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Әліп "Зенит" футбол командасының негізгі құрамымен бірге оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге шақырту алды. Жаттығу жиындары 13 мен 25 қаңтар аралығында БАӘ (Дубай) елінде өтеді. Біз саған сенеміз, Нурик", - делінген клуб жасаған мәлімдемеде. 

Қазақстан құрамасының футболшысы "Зенит" клубында қаралымнан өтеді

Нұралы өткен маусымда "Қайрат" жейдесінде бас-аяғы 45 матч өткізіп, 1 гол соқты және 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Әліп алматылық клуб сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Қайратпен" бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport