"Қайрат" командасы Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысына байланысты мәлімдеме жасады

11 желтоқсан 2022 15:06
©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" баспасөз қызметі жетекшісі Арман Жақсығұлов "СЭ" басылымына ресейлік қорғаушы Виктор Васиннің болашағы туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, осыған дейін Васин алматылық клубтан кетеді деген ақпарат шыққан еді. 

"Виктор Васиннің "Қайратпен" келісімшарты аяқталды. Футболшының болашағына байланысты ақпарат клубтың ресми сайтына шығады. Нақты мәлімет бір айдың көлемінде шығып қалар. Қазір келіссөз жүріп жатыр. Қалған ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайды", - деді Жақсығұлов. 

Васин "Қайрат" сапына 2022 жылы ЦСКА командасынан ауысып келді. Ол осыған дейін 32 кездесуге қатысып, үш гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: