"Қайрат" футбол командасы ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Айта кетейік, осыған бірнеше қазақстандық БАҚ команданың басшысы Қайрат Боранбаев Алматы қаласында ұсталды деген ақпарат таратты.
Ал "Қайрат" болса клубтың жұмысы әдеттегідей өтіп жатқанын айтты.
Команданың академиясы жаңа маусымға дайындық өткізіп жатса, негізгі құрам 17 наурыз күні 17:00-де "Орталық стадионда" жамбылдық "Таразға" қарсы кездесуге дайындалып жатыр.
Еске салайық, Қазақстан чемпионатының екі турынан кейін "Қайрат" алты ұпай жинап, бірінші орында келеді.