Жарнама

Футбол
Бүгін 14:12
 

"Қайрат" командасы бас бапкеріне қатысты ресми мәлімдеме жариялады

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" командасы бас бапкеріне қатысты ресми мәлімдеме жариялады ©"Қайрат" ФК

Кайрат клубы бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің болашағына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Кайрат клубы бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің болашағына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Клуб таратқан ақпаратта бұқаралық ақпарат құралдарында тараған бас бапкер ауысуы мүмкін деген хабарлардың шындыққа сәйкес келмейтіні айтылған.

Клуб Рафаэль Уразбахтинге және оның бапкерлер штабына толық сенім білдіреді. Маманның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін жарамды. Бас бапкер қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс қарастырылып жатқан жоқ. Оның жетекшілігімен команда ішкі және халықаралық ареналарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді, ал ағымдағы маусымда жеті турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынды иеленіп отыр, деп жазылған ресми хабарламада.

Сондай-ақ ресми мәліметке ғана сеніп, жалған ақпараттың клубқа кері әсері жайлы да жаза кеткен. 

«Қайрат» ФК мұндай жарияланымды команда төңірегінде жасанды түрде шиеленіс туғызу және клуб ішіндегі жұмыс атмосферасын тұрақсыздандыру әрекеті ретінде бағалайды. Бұл әрекет клубтың бірлігіне, таңдалған бағытқа деген сеніміне, алға қойған мақсаттарына әсер етпейді.

Жанкүйерлерден, БАҚ өкілдерінен, футбол қоғамдастығынан ресми емес дереккөздердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді және тек клубтың ресми мәлімдемесіне сүйенуді сұраймыз, - деп хабарлады.

Айта кетейік, "Қайрат" бүгін Қазақстан кубогының 1/8 финалында "Қайсармен" кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!