"Қайрат" командасы "Астананы" ұтса қомақты сыйақы алуы мүмкін

©"Қайрат" ФК

Қазақстан Премьер лигасының 25-туры аясында өтетін "Астанаға" қарсы ойында "Қайрат" жеңіске жетсе, қомақты сыйақыға ие болуы мүмкін, деп хабарлайды "Гол емес!" телеграм-арнасы.

Дереккөздің мәлімдеуінше, чемпиондыққа басты үміткер клубтың бірі алматылықтар елордалықтарды ұтса, 200 миллион теңге сыйақы алуы ықтимал екен.

Осыған дейін мұндай мәселе "Астана" — "Қайсар" матчының алдында да көтеріліп, қызылордалықтар астаналықтардан ұпай алған жағдайда, 50 миллион теңге қаражатқа байып қалуы мүмкін еді деген жаңалықтар тараған еді.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Астана" арасындағы ойын 24 қазан күні Алматыда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: