Футбол
27 мамыр 2021 15:10

"Қайрат" командасы 68 жастағы Бердыевті қызметке тағайындады

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" 68 жастағы маман Курбан Бердыевтің клубтың Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалғанын хабарлады. 

Тәжірибелі маман үш бағытта жұмыс істейтін болады: негізгі құрам, клуб Академиясы мен "Қайрат" Мәскеу жобасының жұмысын алып жүру және кеңес беру. 

Бұл жұмысты атқаруда маман үнемі Алматыға келіп тұруы тиіс болады, сонымен қоса, жұмыс онлайн форматта та жүреді. 

Бүгін Академияның бапкерлер құрамымен кездесу өтіп, оның барысында Академияның U-14 және U-15 командаларының жаттығуына сараптама жасалды. 

Мұның алдында, Бердыев 33 жастағы Шпилевский орнына келетіні хабарланға болатын. Қазақстан чемпионы биылғы маусымды нашар бастады, команда 13 турда бес рет қана жеңіске жетті.