"Қайрат" кіммен ойнайды? Чемпиондар лигасы жеребесіне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 15-маусым Ньонда (Швейцария) алматылық "Қайрат" қатысатын Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі бірінші турының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Vesti.kz

Жеребеге тікелей трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 16:00-де басталады. Трансляция УЕФА ұйымының ресми сайтында қолжетімді.

"Қайрат" мықтылау командалар қатарына кіргендіктен келесі клубтардың бірімен ойнауы ықтимал: "Шахтер" (Солигорск, Беларусь), "Нефтчи" (Баку, Әзірбайжан), "Маккаби" (Хайфа, Израиль) және "Теута" (Дуррес, Албания).

Іріктеу кезеңінің бірінші тур матчтері 6-7-шілде, ал қарымта ойындар - 13-14-шілдеде өтеді. Қажет болған жағдайда қосымша уақыт беріліп, пенальти сериясы жасалады. 

Еске салайық, былтыр "Қайрат" 16 жылдан кейін қайтадан Қазақстан чемпионы атанды.